Талдықорғанда дәріхана тонаған күдіктілер ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ІІД- баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, 5 наурызда қаладағы дәріхананың біріне қарақшылық шабуыл жасады, деген күдікпен үш ер адамды ұсталды.
None
None

«Күдіктілердің екеуі Алматы облысы Ұйғыр ауданының, біреуі Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Үшеуі де Алматыдағы көлік жуу орнында бірге жұмыс істеген, барлығын Алматыдан ұстадық» - деп хабарлады облыстық полиция.

Түнгі сағат 11-ден кейін дәріханаға баса көктеп кірген қылмыскерлерде пышақ болған. Мойынорауышпен бетін жасырған қарақшылар дәріханашы әйелді скотч пен және электр сымымен байлап, қорқытып кассадағы 60 мың теңге көлеміндегі ақшаны және екі ұялы телефонды алып кеткен.

«Жапа шеккен дәріханашының айтуынша, күдіктілердің бірі дәріхананы жақсы білген. Бұл нұсқа күдіктілердің бірі және дәріхананың бұрынғы қызметкерімен байланыс орнатылған соң расталды» - деп атап өтті Талдықорған қ. ІІБ.

Айғақ ретінде оқиға орнынан ұрланған телефондар алынды. Ұсталғандар Талдықорған қ. ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Соңғы жаңалықтар