Талдықорғанда дүкен қоймасы отқа оранды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында құрылыс материалдарын сататын сауда орталықтарының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы ақпарат қалалық ТЖД кезекші бөліміне сағат 19.04 те келіп түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келген сәтте сауда орталығының қоймасы өртеніп жатты. Жедел әрекет ету барысында қызыл жалынның таралуына жол берілмеді. Тілсіз жау 20.11-де ауыздықталды. Өрт сөндіруге жеке құрамның 24 қызметкері мен 11 техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда қызыл жалынның шығу себептері анықталуда.