18:26, 14 Шілде 2017 | GMT +5
Талдықорғанда қарасора алқабын өсірген адам ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Қаратал ауданының учаскелік полицейлері бірлесіп қарасора өсірген 1985 жылғы Талдықорған қаласының тұрғынын тұтқындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тексеру барысында 32 жастағы тұрғын Үштөбе қаласының маңында өзіне тиесілі жер телімінде қарасора өсіргені анықталды.
«Тәртіп сақшылары алқаптан 42 түп қарасораның тәркіледі. Есірткі өсімдігінің жалпы салмағы 30,5 кг болды. Қазіргі таңда есірткі қылмыстық іске айғақ зат ретінде тіркелді. Кейін қарасора жоюға жіберіледі», деп атап өтті облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Күдіктіге қарсы ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабы «Құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру» бойынша қылмыстық тергеу басталды.