Талдықорғанда қарасора шеккендер қоғамдық жұмыстарға тартылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында қарасора шеккен 3 азамат ұсталды. Оларды сот 60 сағаттық қоғамдық жұмыстарға жүктеп жазалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда қарасора шеккендер қоғамдық жұмыстарға тартылды

Облыс орталығында патрульдік кезекшілікте жүрген полицейлер анаша шеккіштерді Гагарин көшесіндегі гараждар маңында қолға түсірген. Олар есірткі қолдану кезінде қолдан жасалған «бульбулятор» құралын пайдаланған. Анықталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 296- бабының 1-ші бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілді. Сот шешімімен 3 адам да кінәлі деп танылып, бұл заңға қайшы әрекеттері үшін 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, сондай-ақ олардан сараптама жасауға кеткен шығындарды ретінде 100 000 теңгеден астам қаржы өндірілетін болды.