12:30, 08 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Талдықорғанда Қазақстан энергетиктерінің съезі өтті
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Кеше Талдықорғанда Қазақстан ардагер-энергетиктерінің І съезі болып өтті.

Сала ардагерлері қауымдастығының төрағасы Шәймерден Оразалинов бүгінгі күні энергетиктердің белгілі бір қиыншылықтарды бастан кешіп отырғанын алға тартты. Орын алып отырған өзекті мәселелер атап айтылды.
Съезде басқа да мәселелер көтерілді. Пікірталас нәтижесінде энергетикалық дағдарыс проблемалары мен оларды шешу жолдары баяндалған қарар қабылданды. Сонымен қатар, ҚР Үкіметіне ұсыныс-хат жолданатын болады.