Талдықорғанда кішкентай бала модульдік дәретхананың ішінде қамалып қалған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорған қаласында модульдік дәретхананың ішінде қалып қойған баланы адамдар дәретхананың терезесінен тартып сыртқа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда кішкентай бала модульдік дәретхананың ішінде қамалып қалған
Фото: instagram.com/egovpress

Талдықорған қаласындағы модульдік дәретхананың терезесінен баланы сыртқа шығарып жатқан адамдардың видеосы желіде жарияланды.

Осы оқиғаға орай Жетісу облысының әкімдігі жауап берді.

«Самал» аялдамасындағы модульдік дәретхана штаттық режимде жұмыс істейді. Дәретханалар тек санитарлық өңдеу мен тазалау кезінде жабылады. Аталмыш жағдай баланың бір нәрседен қорқып, дәретхананың есігін өз бетінше аша алмай қалуынан болды. Қызмет көрсететін «Дизайн студия Tseh» ЖШС қызметкерлері есік құлпының механизмін тексеріп, онда ақау жоқ екеніне көз жеткізді», - делінеді әкімдіктің берген жауабында.