Талдықорғанда көгалдағы хоккейден Қазақстан біріншілігі басталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда көгалдағы хоккейден Қазақстан біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ел чемпионатына алты ерлер командасы, бес әйелдер командасы қатысып жатыр. Турнир 28 тамызға дейін жалғасады.
Сондай-ақ, чемпионат аяқталған соң, 29 тамыз күні Қазақстан кубогі додасы басталады.