15:59, 13 Шілде 2017 | GMT +5
Талдықорғанда көлік отқа оранып, түгелдей жанып кетті
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда «Газель» маркалы көлігі отқа оранды. Оқиға күндізгі сағат 12-лер шамасында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай көшесінің бойында көліктің өртеніп жатқандығы жөнінде 12:17 хабар келіп түскен. Өрт сөндірушілер 12:21- де оқиға орнына жетіп, 12:28 де тілсіз жауды толықтай ауыздықтаған. Болжам бойынша, қызыл жалын көліктің қозғалтқышынан шыққан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Жалпы жыл басынан бері Алматы облысында 118 көлік отқа оранған. Барлығы 8 млн 215 мың теңгеге шығын келтірілген дейді ТЖД өкілдері.