Талдықорғанда қос ғұламаның мерейтойына арналған тарихи-танымдық жоба таныстырылды
«Jetisy ART» жобасы аясында тарихи тұлғалар мультипликациялық кескін ретінде бейнеленіп, олардың афоризмдері мен нақыл сөздері жазылып, әлеуметтік желілерде таратылады. Жоба авторы Еркеғали Иманғалидың айтуынша, мұндай әдіс кішкентай балалар мен жастардың жылдам қабылдап, қос ұстаздың шығармашылығын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Абай мен Әл-Фараби бейнесінің 20 түрлі нұсқасы әзірленді. Бұл суреттер көшедегі жарнамалық биллбордтарға, ғаламтор мен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, үлкен аудиторияны қамтуды көздейді. Жоба авторлары биылғы жылы басқа мерейтойларға арналған графикалық суреттер әзірлемек. Мәселен Жеңістің 75 жылдығы және Алтын Орданың 750 жылдығы сынды тарихи даталарды дәл осындай әдіспен насихаттау жоспарлануда.