Талдықорғанда көші-қон полициясының қызметкері сотталды

Істі болғандар Өзбекстан азаматтарына Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға көмектескені үшін 380 мың теңге пара алғандығы анықталды.
Сот үкімімен А есімді азамат ҚР ҚК 366-бабының 2- бөлігі (көп мөлшерде пара алу) бойынша кінәлі болып табылды. Оған 4 жылға бас бостандығынан айыру, өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттеу және дүние-мүлкін тәркілеу сондай-ақ арнайы әскери шенінен айыру жазасы қолданылды.
Қылмыскер жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орта деңгейдегі мекемеде өтейтін болады. Ал Л. есімді азаматша ҚР ҚК 368-бабының 1-бөлігімен (пара алуда делдалдық) кінәлі деп танылды. Оған мемлекет пайдасына 2 млн теңге айыппұл төлеу және мүлкін тәркілеу, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыстан шеттеу жазасы қолданылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.