Талдықорғанда мектеп директоры туған ұлын зорлады деп сотталуда
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда туған ұлын зорлады деп айыпталған мектеп директорының ісі сотта қаралуда. Процесс қаладағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күдікті ұсталғанға дейін Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдардың бірінде мектеп директоры болып істеген. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігі және 107 -бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылуда. Аталған факті биыл тамыз айында Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген.
Ал полицейлерге ұлының зорланғандығы жөнінде анасы шағымданып, арыз түсірген.