Талдықорғанда мұз айдыны қашан салынады

«Жетісу облысы әкімдігінің ақпараты бойынша Талдықорған қаласында мұз айдынын салу мәселесі 2025-2027 жылдары жоспарланып отыр. Оның аясында шайбалы хоккейден балалар-жасөспірімдер спорт мектебін және конькимен сырғанау спорт түрлері (конькимен жүгіру спорты, шорт-трек) бойынша бөлімшелер (саны кемінде 4 адамнан тұратын жаттықтырушы-оқытушылар құрамы) ашу жоспарлануда», - деді Әлихан Смайылов жауабында.
Сонымен қатар Премьер-Министр Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі 2027 жылға дейінгі тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасын әзірлегенін атап өтеді.
«Онда дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімді моделін қалыптастыру үшін дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіштері көзделген. Ол ұлттың спорттық әлеуетін біріктіруші бастама және бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын қарқынды дамытудың басты қозғаушы күші ретінде жұмылдыруға арналған. Қаулы жобасы қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен келісілуде және заңнамада белгіленген тәртіппен Үкімет отырысына енгізілетін болады», - деді Үкімет басшысы.