Талдықорғанда өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің басшыларына 20 автокөлік табыс етілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. Желтоқсанның  30-ы.  ҚазАқпарат /Сандуғаш   Дүйсенова/ - Төтенше   жағдайлар  министрі Владимир  Божко    «Өрт сөндіру  және  апаттық-құтқару жұмыстары  қызметі»   мемлекеттік мекемесінің   қалалық және облыстық филиалдарының басшыларына  20   жаңа өрт  сөндіру көлігінің  кілттерін  табыс   етті, 

Талдықорғанда   өрт  сөндіру  және апаттық-құтқару  жұмыстары қызметінің басшыларына 20 автокөлік табыс етілді

деп  хабарлады  Алматы  облысы бойынша    төтенше жағдайлар жөніндегі   департаментінен.

Департаменттің  Өртке  қарсы   қызмет   гарнизоны  ЗИЛ   шассиіндегі  АЦ 3,2-40   екі  автоцистернасын  алды. Өрт  сөндіру арнайы  техникалары     Төтенше жағдайлар министрлігі әзірлеген  Өртке қарсы  мемлекеттік қызметті дамытудың 2007-2011  жылдарға арналған  жаңа стратегиясын жүзеге асырудың екінші кезеңінің аясында табыс етіліп отыр. Аталмыш стратегияның басымдықтарының бірі  - «Өрт  сөндіру  және апаттық-құтқару    жұмыстары   қызметі»   мемлекеттік мекемесінің барлық филиалдарының    материалдық-техникалық  базасын  кезең-кезеңмен жаңарту  болып    табылады, деп хабарлады    департаменттің  баспасөз қызметінен.