Талдықорғанда пәтер алып беремін деп елді алдамақ болған әйел қамауға алынды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 47 жастағы әйел алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда пәтер алып беремін деп елді алдамақ болған әйел қамауға алынды

«Ұсталған азаматша алаяқтықтың бес эпизоды бойынша күдікті деп танылып отыр. Ол мемлекеттік бағдарламамен берілетін пәтерлерді алып беремін деп уәде еткен. Қазір тұрғындардан түскен арыз бойынша шығын көлемі 10 миллион теңгеден асты», - деп мәлім етті Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қазір аталған факті бойынша тергеу жалғасуда. Күдікті әйел қамауда отыр.