Талдықорғанда пәтер өртеніп, ер адам көз жұмды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда пәтер өртеніп, ер адам көз жұмды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға үшінші шағын аудандағы көпқабатты пәтерлердің бірінде болған.
«Оқиғаны растаймыз. 1949 жылғы ер адам көз жұмды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі.
Оқиға бүгін сағат 16:00-дер шамасында болған.