Талдықорғанда перзентханада жатқан 92 ана сайлауда дауыс берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы перинаталдық орталықта жатқан 92 ана сайлауда өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Ал бүгін осы перзентханада 10 сәби дүниеге келген. Оның 6-сы ұл, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жерде жылжымалы участок болғандықтан, 2 сағат ішінде перзантханадағылар толық дауыс беріп үлгерді. Арасында алғаш рет сайлауға қатысып отырғандары да бар. Соның бірі - Наргиз Маратқызы. Тұңғышын бауырына басқан келіншек жақында 18-ге толған. Үштөбелік жас ана еліміздің болашағы үшін өз таңдауын жасағанын айтады. Ал облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қанат Қалиханұлының айтуынша, перзентханада жатқан аналардың 100% толық дауыс берген. Жалпы Талдықорған қаласы бойынша барлық емдеу мекемелерінде дауыс беру процесі жүргізілді. Солардың қатарында шаһардағы көпсалалы аурухана да бар. Бұл №1012-ші сайлау учаскесінде 210 адам тіркелген. Мұнда ауруханада жатқан емделушілердің кедергісіз дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, жүріп тұруы қиын науқастарға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Олар үшін жылжымалы сайлау жәшігі қарастырылған. Бақылаушылар да ешқандай заңбұзушылықтың болмағандығын, барлық талаптардың сақталғандығын жеткізді.

Айта кетейік, Алматы облысында тұратын 2 млн халықтың 1 млн 400 мыңы сайлауға қатысуға құқылы. Өңірде 1040 сайлау учаскесі бар. Ол жерде президенттікке үміткерлердің 2100-ден астам сенімді өкілі мен шетелден келген байқаушылар сайлау барысын қадағалап отыр. Жалпы облыста 700-ден астам елді-мекен бар.

null

Соңғы жаңалықтар