12:37, 18 Маусым 2018 | GMT +6
Талдықорғанда тағы екі адам менингит дертімен ауруханаға түсті
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда тағы екі адам менингит дертімен ауруханаға түсті. Науқастың бірі колледж студенті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Екі адам кеше ауруханаға түсті. Науқастарға клиникалық тұрғыда қойылған диагноз - менингококк инфекциясы. Лабораториялық анализдері тексеріліп жатыр. Екеуінің жағдайы ауыр. 21 жастағы науқас инфекциялық ауруханада, 19 жастағы жігіт облыстық ауруханада жатыр», - деп мәлім етті Талдықорған қаласының өңірлік жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Сауранбаев.
Дәрігердің мәліметінше, екі науқастың бір-біріне қатысы болмаған. Қазір 19 және 21 жастағы жігіттер жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.