Талдықорғанда тапа-тал түсте ұрылар автоломбардты тонап кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Талдықорған қаласында үш адам автоломбардты тонап, ішіндегі қызметкерді ұрып, байлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәбірленушінің айтуынша, ұрылар 7 млн теңгені қолды қылған. Қазір ломбард қызметкерін ұрып, байлап кеткендер іздестіріліп жатыр. Оқиғаны Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Аталған фактіні растаймыз. Қазір күдіктілерді анықтау және іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-деді аталған ведомствоның өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Қазір Талдықорған қаласы полициясының жедел-іздестіру тобы облыстың тәртіп сақшыларымен бірлесіп, күдіктілерді ұстауға бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, тоналған автоломбард Шевченко көшесінің бойында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар