Талдықорғанда университет жанынан мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жанынан мемлекеттік қызмет мектебі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда университет жанынан мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

Оқу орны студенттері онда теориялық және тәжірибелік тағылымдамадан өтеді. Орталықта мемлекеттік қызметкердің әдебі мен имиджін жетілдіру жөнінде дәрістер оқытылады. Ал шәкірттерге мемлекеттік қызметкерлердің өздері келіп сабақ береді. Одан бөлек, психологтар мен ораторлар студенттермен жұмыс істейді. Аталған мектептің есігі университетте оқитын кез-келген студентке ашық.
null null null 

Сонымен қатар олар мемлекеттік қызмет туралы мағлұмат алып, тестке дайындалады. Оқу маусымының соңында шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталады. Жобаны оқу ордасы басшылығы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті бірлесе жүзеге асырады.
null