Талдықорғанда волейболдан ұлттық лиганың финалдық ойындары өтуде

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда қыздар арасында волейболдан ұлттық лига ойындарының финалдық кездесулері өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда волейболдан ұлттық лиганың финалдық ойындары өтуде

Ақтық додада Шығыс Қазақстанның «Алтай» және «Алтай-2» командалары, Павлодар облысының «Ертіс Казхром» мен Алматы облысының «Жетісу» командалары өзара мықтыны анықтауда.

Финалдық кездесулердің бірінші ойынында «Жетісу» командасы «Алтайды» 3:1 есебімен ұтып, бірінші орынға шықты. Ал «Ертіс Казхром» мен «Алтай-2» дәл осындай есеппен үшінші орынға көтерілді. Ертең финалдық кездесулердің екінші ойындары өтеді.