Талдықорғанда зейнеткер бесінші қабаттан құлап кетіп, мерт болды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Талдықорғанда үйдің бесінші қабатынан құлап кеткен зейнеткер әйел қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Сейсенбі, 26 маусым күні Талдықорғанда 1937 жылғы әйел абайсызда үйдің бесінші қабатынан құлап кетті. Зейнеткер оқиға орнында көз жұмды.