Талдықорғанда жағылған Универсиада алауы Алматыға жол тартты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандықтар 28-ші Дүниежүзілік Универсиада алауын Алматы қаласына шығарып салды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Талдықорғанда жағылған Универсиада алауы  Алматыға жол тартты

null
Эстафета алауын бокстан Азия және әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мәре сызығына алып келді. Дәлірек айтқанда талай халықаралық спорттық додалар өтетін «Жастар» спорт сарайына жеткізді. Бұл жерде алауды облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев Алау эстафетасы дирекциясының техникалық маманы Екатерина Ермакқа табыстады. Маман алауды жарыс өтетін Алматы қаласына алып кетті. Шығарып салу рәсімі эстрада жұлдыздарының сүйемелдеуімен және 2 мың көрерменнің қатысуымен өтті. Барша Жетісу жұрты алау эстафетасына ерекше құрмет көрсетіп, қазақстандық спортшыларға сәттілік тіледі.

null 

Айта кету керек, бүгін Талдықорған қаласында Универсиада алауы Жастар саябағында тұтатылды. Өңір басшысы Амандық Баталов алаугерлер көшін бастап, жетісулық ауыр атлет, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Карина Горичеваға табыстады.

60 алаугер шаһардың ең басты көшелерімен 12 шақырымды жүгіріп өтті. Палуан Нұрмахан Тінәлиев, каратеші Мерей Сүйінов, ауыр атлет Маргарита Елисеева, боксшы Жәнібек Әлімханұлы сияқты спортшылармен қатар алау ұстап, жас дәрігерлер, мұғалімдер, журналистер де жүгірді. Алаугерлерге 25 мың талдықорғандық тік тұрып құрмет көрсетті.

nullnull