Талдықорғанда жаңа балабақша ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Талдықорғанда 45 орындық «Нұрғазиз - 2» атты жаңа балабақша пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

null
Жалпы аумағы 250 шаршы метр болатын екі қабатты ғимаратта 18 адам еңбек етеді.

Бұл кәсіпкер Роза Егінбаева ашып отырған екінші жекеменшік балабақша. Жыл басында 50 орындық «Нұрғазиз» балабақшасы іске қосылған болатын.

null  

«Халықтың сұранысына орай, екіншісін ашып отырмын. Балабақша ашам деген кәсіпкерлерге бүгінде мемлекет бар жағдайды жасап отыр. Бізге де қалалық әкімдік көп көмектесті. Бірінші балабақшаны ашқанда құжаттарды рәсімдеуге біз 5-6 ай уақыт жұмсасақ, екіншісін 2-ақ айда ашып алдық. Балабақша үшін ата-аналар ай сайын 15 мың теңге төлейді. Балалар бізде қазақ және орыс тілін қажетінше игеріп шығады», - дейді кәсіпкер.

null  

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев атап өткендей, бұл қалада биыл ашылып отырған 12-ші жекеменшік балабақша. Қазір Талдықорған бойынша 60 мектепке дейінгі тәрбие мекемесі бар. 6 жасқа дейінгі балаларды бақшамен қамту көрсеткіші - 87 пайыз. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде алдағы жылы осындай тағы 5 нысан ашу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар