Талдықорғанда жасөспірімге сыра сатқан сатушыға айыппұл салынды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласындағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сатушыға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта белгілі болғандай, сатушы бір бөтелке сыраны 21 жасқа толмаған жігітке сатып, ҚР Алкогольді өнімдерін сату бойынша заңының талабын бұзды.
Әйелге 40 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Оның алкогольді өнімді сату лицензиясы 1 айға тоқтатылды.