Талдықорғанда жастар арасында еркін күрес бойынша республикалық турнир өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорғанда ҚР Спортының еңбек сіңірген қайраткері, Дүниежүзілік күрес федерациясының Алтын орден иегері Талғат Атабаевтың құрметіне республикалық турнир өтті.
None
None

Еркін күрес бойынша турнирге Қазақстанның барлық өңірлерінен 1999-2001 жылдары туылған бас палуандар қатысады, деп хабарланды Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Спорттық шарасы 4-6 желтоқсан аралығында өтті. Талдықорғандағы Талғат Атабаев құрметіне арналған 1999-2001 жылғы туылған жастар арасында өтетін Республикалық еркін күрес бойынша турнирдің алғашқы күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері: 42 келі І. Кенесары Тайырбек (Алматы); ІІ. Шайлаубек Королбекулу (Қырғызстан); ІІІ. Ғалымжан Жумахан (Шаңырақ); ІІІ. Дәулет Әмірхан (Жамбыл).

50 келі І. Ерболат Ахметов (РКС); ІІ. Исламбек Хаджимат (ОҚО); ІІІ. Жохар Әбдумүслімов (Алматы облысы); ІІІ. Әлібек Махамбетұлы (Жамбыл).

58 келі І. Шыңғыс Мұхаметкалиев (РКС); ІІ. Ахмат Мурат (Алматы облысы); ІІІ. Санжар Досжанов (Алматы); ІІІ. Ерден Избасаров (Шаңырақ).

69 келі І. Равиль Айтаев (Алматы облысы); ІІ. Жандос Дулатов (Павлодар); ІІІ. Ұлан Төлеген (Шаңырақ); ІІІ. Диас Асқаров (ШҚО).

85 келі І. Қуаныш Қарабек (Алматы); ІІ. Арғынбек Талапбек (Алматы облысы); ІІІ. Ералхан Жұмабек (ОҚО); ІІІ. Жандос Далелханов (ШҚО).

Соңғы жаңалықтар