Талдықорғандағы әскери қызметшінің өлімі: Тергеу жүріп жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат –Талдықорғандағы 36 жастағы әскери қызметшінің өлімі тергеліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Талдықорғандағы әскери қызметшінің өлімі: Тергеу жүріп жатыр

«Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бабы бойынша тіркелген. Тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы бұл қылмысты ашу үшін шаралар қабылдауда», - деді Алматы облысының полициясы.

Сондай-ақ, тергеу Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған.

Еске салсақ, бұған дейін Талдықорған қаласындағы шағын аудандардың бірінен әскери қызметшінің мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз. Оқиғаға қатысты ҚР Қорғаныс министрілігі Ақпарат және коммуникация департаментінің басшысы Данияр Әлжанов ҚазАқпарат тілшісіне түсінік берді.