Талдықорғандағы қоймада тұтанған өрт сөндірілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы шина қоймасында тұтанған өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғандағы қоймада тұтанған өрт сөндірілді

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жалын 290 шаршы метр ауданды шарпыған. Өрт 10:00 шамасында тұтанып, 12:20-да сөндірілді. Ведомствоның хабарына қарағанда, қоймаға жапсарлас орналасқан тұрғын үйлерге зақым келмеген.

Өртті сөндіруге 25 қызметкер және 6 арнаулы техника жұмылдырылды. Коммуналдық қызметтер қосымша түрде үш су тасығыш техника бөлді.