Талдықорғандағы өртке байланысты «өрт қауіпсіздігі ережесін бұзды» деген айыппен қылмыстық із қозғалды - ІІМ

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Талдықорған қаласындағы наркодиспансерде болған өрт оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 256-шы бабының 2-ші бөлігіне сәйкес,

Талдықорғандағы өртке байланысты «өрт қауіпсіздігі ережесін бұзды» деген айыппен  қылмыстық із қозғалды - ІІМ

яғни өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның  айтуынша, аталмыш оқиғаның туындау себептері Үкімет тарапынан құрылған арнайы комиссия тарапынан тексерілуде. Бұл комиссияны Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметов басқарады. Қазіргі таңда комиссия құрамында кірген Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитетінің төрағасы Мұқарам Әміров осы облыста жүр.

 Департамент бастығының сөзіне қарағанда, қазір оқиға бойынша арнайы өр-техникалық сараптама жұмыстары жүргізу шарасы қолға алынған.