Талдықорғандағы Президент шыршасы жаңа ғимаратта өтті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда өткен Президент шыршасына 16 аудан мен 3 қаладан 200-ден астам жас өрен келді. Салтанатты шара жуырда ашылған Көрме кешенінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None



Бүлдіршіндердің жаңажылдық кешінде оларға қойылған бір ғана талап болды. Жаңажылдық киім киіп келіп, көтеріңкі көңілмен, ойнап-күліп қайту. Бәрі сол талаптан шығуға тырысып бақты. Жасыл шырша жанында көздің жауын алатын алуан түрлі кейіпкерлер. Ал олардың жүздерінде бақытты балалық шақтың ыстық лебі. Солардың қатарында Жаркент қаласынан келген Әкежан Сейітқали да бар. Ол шыршаға ерекше костюм киіп келді. Мерекелік киіміне Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының таңбасына айналған түрлі-түсті қыран костюмін анасына тіктірген.

Мектепте озат, қоғамдық жұмыстарда белсенді оқушы Президентке шексіз алғыс айтуда. Балаларды бір қуантып, шаттығын еселеген Елбасының бұл тартуын Әкежан енді ешқашан ұмытпайды. Биылғы мереке өте жоғары деңгейде өтті. Ертегі мен мультфильм кейіпкерлері балалардың қасында болып, тамаша қойылымдар көрсетті.

Шалғай ауылдан келген балалар Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерінен шашу шашып, қуанышты еселеді. Шыршаға келген әрбір балаға өңір басшысы Амандық Баталов қыстық киім мен оқуға қажет құрал-жабдықтар тарту етті. Мереке соңында бәрі естелік суретке түсіп, балаларға жайылған тәтті дастарханнан дәм татты.





















Соңғы жаңалықтар