Талдықорғандағы тергеу изоляторына арыз қабылдайтын терминал орнатылды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғандағы тергеу изоляторына арыз қабылдайтын терминал орнатылды. Сотталушылар құрылғы тұрған жерге күзетшілердің бақылауымен барып, шағымдарын электронды түрде жібере алады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғандағы тергеу изоляторына арыз қабылдайтын терминал орнатылды

ЛА-155/16 тергеу изоляторында қойылған терминалда шағымдарды тікелей прокуратураға, сотқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және өзіндік қауіпсіздік бөлімшелеріне бірден жолдайтын батырмалар бар.

«Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелері прокуратурамен бірлесіп, сотталғандарға қолжетімді жерде түрлі мемлекеттік органдарға шағым, өтініш беру үшін терминал орнатты. Шағыммен өтінішті сотталғандар өздері ресімдейді. Олар өздерінің дербес деректерін енгізіп, оларды саусақ іздерімен растайды. Жыл соңына дейін барлық ведомстволық бағынысты мекемелерде осындай терминалдар орнату жоспарлануда», - деп атап өтті өңірлік ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.