Талдықорғандық домбырашылар Чехияны бағындырып қайтты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандық жас домбырашылар Чехия астанасы Прагада өткен өнер бәйгесінен бас жүлдемен оралды. Осымен 10-ыншы мәрте ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдер арасындағы фестивальге Жетісудың бас қаласынан 9 өнерлі өрен қатысқан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыста әлемнің 15 елінен келген ең үздік әнші, биші, күйші балалар бақ сынаған. Тартысқа толы бәсеке бірнеше күнге жалғасып, соңында әділқазылар домбырашыларымыздың өнеріне жоғары бағасын берді. 

"Ата толғау" және "Көшбасшы" күйлерін орындаған "Мұрагер" ансамблі осылайша қазақтың күй өнерін Еуропа төрінде мойындатып қайтты. Сонымен қатар, бірнеше күйші жеке орындаушылық бағыты бойынша да жүлделі орындарға қол жеткізді.
null

Айта кетейік, домбырасын арқалаған  балалар Оқушылар сарайында тәлім алады. Олар "ЭКСПО" көрмесі аясында өткен музыка сайысына қатысып, Чехия еліндегі осы байқауға жолдама алған еді. Ел намысын қорғап, абыроймен оралған өнерлі шәкірттерді қала әкімі қабылдап, тарту-таралғысын ұсынды. Оқушыларды енді келесі жылы Санкт-Петербургте өтетін тағы бір өнер додасы күтіп тұр.

Соңғы жаңалықтар