Талдықорғандық меценат 10 балалы отбасыға үй сыйлады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өз есімін құпия қалдыруды ұйғарған талдықорғандық меценат 10 балалы отбасыға үй сыйлады. Көпбалалы жанұя осы уақытқа дейін саяжайды пана етіп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көпбалалы отбасы «Қызыл тас» саяжайында бір бөлмелі ескі әрі тар үйде тұрып жатқан. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған арнайы рейд барысында анықталып отыр. Құтқарушылар, тәртіп сақшылары, еріктілер мен қоғамдық бірлестік өкілдері қаладағы жеке тұрғын үй секторын аралап, өрт қауіпсіздігін сақтау туралы парақшалар таратып, дабыл қондырғыларын орнатты. Шараға қала басшысы Дастан Шалтабаев пен бизнес қауымдастық өкілдері де өз үлесін қосты. 10 бала асырап отырған Кропачевтар отбасына кәсіпкер Өтенай ауылында салынған жаңа бес бөлмелі үй ұсынды. Қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған рейдке 170 адам қатысып, 4 мыңнан астам парақша таратылды.

Жалпы, Алматы облысында жыл басынан бері 170 өрт оқиғасы тіркелді. 47 жағдайда адамдар пештен шыққан ыстан уланған. 8 адам иіс тиіп қайтыс болды.

null


null

null

null

Соңғы жаңалықтар