Талдықорғандық жігіт жасаған «жолдағы мейірімділік» туралы бейнероликті ғаламторда 2 миллион адам қараған. ВИДЕО
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - 19 жасар Аркадий Моряхиннің әлеуметтік ролигін YouTube порталында екі апта ішінде 2,3 миллион адам қарап, бес мыңға жуық комментарий қалдырған.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Талдықорған тұрғыны ТМД елдері жолдарында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жасаған мейірімді игі істерін тізбелеп бейнеролик жасаған.
Моряхин көрерменге ой салар мағыналы ролик жасауды көздегенін айтады.