Талдықорғанға отандық «QazVac» вакцинасының 4 мың дозасы жеткізілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанға отандық «QazVac» вакцинасының 4 мың дозасы жеткізілді.
None
None

Препарат облыстық аурухананың дәрі сақтау қоймасына тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жерден вакцина облыстағы 250-ден астам екпе пунктіне таратылады. Қазақстандық ғалымдар өндірген вакцинаның ресейлік Спутник V екпесінен ерекшелігі сақтау температурасында. Егер ресейлік препарат нольден төмен температурада сақталса, отандық вакцинаны +2, +8 градуста сақтауға болады, дейді мамандар. Бүгіннен бастап жетісулықтар да отандық екпені қабылдай бастайды.

«Жеткізілген 4000 мың вакцина ол бірінші партия. Негізінде Алматы облысына 1 млн 100 мың вакцина келеді. Қазіргі уақытта 117 мың вакцина әкелінді. Оның ішінде 111 мыңы енгізілді»,- деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансенгіров.


Соңғы жаңалықтар