Талдықорғанға жеткен Азиада ойындарының алауын барша халық тамашалауда
ДЫҚОРҒАН. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін «Қазақстанның халық банкі» АҚ Талдықорғандағы аймақтық филиалының маңынан қала тұрғындары күні бойы шықпады.
Себебі бұл ғимараттың бірінші қабатындағы шыны сауытта 2011 жылғы 7-Қысқы Азиада ойындарының алауы жанып тұр.
«Бүгін Азиада алауын тамашалауға келген халықта есеп болмады. Әсіресе, балалар мен жастар көптеп келуде. Кеген, Үштөбе, Текелі, Алакөлден кәсіпкерлер келді», - дейді банкті күзететін «Жедел күзет» қызметкері Қайрат Ахматтулин.
Азиада алауы бұл жерде 2011 жылдың 27 қаңтарына дейін тұрады. Ертең алау эстафетасы қала көшелерін аралаған соң, ұшақпен Қарағандыға жіберіледі.