Талдықорғанның аккумуляторы Африка нарығына шықты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Талдықорғандағы «Қайнар-АКБ» зауыты алғаш рет өз өнімдерін Африкаға жеткізді. 

Талдықорғанның аккумуляторы Африка нарығына шықты

 null
Жалпы бұл аталған кәсіпорынның шет елдегі алғашқы қадамы емес. Халықаралық талапқа сай жұмыс жасайтын  зауыттың тауарлары  Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Белоруссия, Қытай сынды елдерде жоғары сұранысқа ие. Және осы  елдермен  тұрақты байланыс орнатқан. Алдағы уақытта осындай қарым-қатынасты Африкамен орнатпақ ниетте. Ал, зауыттың  «BARS Asia» батареялары Африка нарығына Бенин Республикасындағы дүкендер желісі арқылы сатылымға шықты. Кәсіпорын қазір айына 250 мың дана әр түрлі модификациядағы аккумуляторларды өндіреді. Оның 70 пайызы экспортталуда. Жаңғыртудан кейін толық қуатына көшкен зауытта мыңға жуық адам еңбек етеді.

null