Талдықорғанның кешкі мектебінде 47 жастағы оқушы оқиды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанның кешкі мектебінде оқып жатқан оқушылардың ішіндегі ең жасы үлкені 47-де, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Талдықорғанның кешкі ауысымдағы мектебінде жалпы 87 оқушы оқиды. Оның 53-і - кәмелетке толмаған балалар болса, 34-і - ересек адам. Ал ең үлкені 47 жаста. Ол қазір 11-сыныпта оқып жатыр. Бұл адамдар - уақытында мектеп бітірмегендер», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Талдықорғандағы кешкі ауысымдағы мектеп директоры Ерік Саржігітов.
Жалпы еліміз бойынша кешкі ауысымдағы 69 мектеп бар.
Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғандағы кешкі мектептің 9-сынып оқушылары жабылып 15 жасар қыз баланы ұрғаны үшін сот шешімімен девианттық мектепке ауыстырылғанын хабарлаған болатынбыз.