Талдықорғанның орталық жылу қазандығына 88 мың тонна отын сатып алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының орталық қазандығы «Басқуат» жылу маусымына сақадай сай. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов бастаған арнайы жұмыс тобының рейді барысында белгілі болды.

Талдықорғанның орталық жылу қазандығына 88 мың тонна отын сатып алынды

Қазандыққа тариф есебінен 88 мың тонна отын сатып алынған. Бюджет қаржысынан 77 мың тонна көмір дайындалып, кесте бойынша тасымалдануда.

Жалпы Талдықорғанда 113 шақырым жылу жүйелері бар. Биыл бюджет есебінен 8,6 шақырым жылу жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Оның сыртында инвестициялық бағдарлама есебінен «Басқуат» мекемесінің өзінде 5 шақырымға жөндеу жұмыстары жасалды. Талдықорған қаласының Ақылбеков көшесіндегі № 4 қазандық пен жылу жүйелеріне де қайта жаңғырту жұмыстары жасалды.

Алматы облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Тәнекеновтің айтуынша,  жылу жүйелерінің соңғы жұмыстары қазанның алғашқы онкүндігінде толық аяқталады. Облыс бойынша қысқа қажет көмір көлемі 397 500 тонна. Жалпы жылыту маусымына 6,9 млрд ақша бөлініп, көмір, жанар-жағар май, мазут сатып алынған.