Талғар ауданына жаңа прокурор тағайындалды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Бас прокурордың бұйрығымен Жайнарбек Келдібайұлы Мыңбаев Талғар ауданының прокуроры болып тағайындалды. 

Жайнарбек Мыңбаев
Фото: Алматы облысы прокуратурасы

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, Жайнарбек Мыңбаев еңбек өтілін 2012 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі қызметінде бастаған. Кейін облыс прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры және аға прокуроры қызметтерін атқарған. 2017 жылы Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасын үздік бітірген.

2017 жылы Бас прокуратураның бірінші қызметіне аға прокурор және 2021 жылы Бас прокурордың көмекшісі лауазымдарын атқарған. 2024 жылдың қазан айынан бастап Бас Прокурордың аға көмекшісі — топ жетекшісі болып жұмыс істеді.

Бұған дейін Талғар ауданында прокурор қызметін Ерлан Тағаев атқарды.

Еске салайық, кеше Қонаев қаласына және Қарасай ауданына жаңа прокурор тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар