Талғар ауданына жаңа прокурор тағайындалды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысы Талғар ауданында прокурор қызметіне Ерлан Тағаев тағайындалды. Ауданның жаңа прокурорын Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Қатаев Дамир Қатаев таныстырды.

Талғар ауданының прокуроры
Фото: instagram.com/ talgar.pk

Ерлан Алижанұлы Тағаев прокурорлық қызметін Алматы облысының прокуратурасында бастап, кейін Қарағанды жэне Шығыс Қазақстан облыстарында жалғастырған.

Талғар ауданы прокуроры болып тағайындалғанға дейін Курчатов қаласы түзеу мекемелерінде заңдылықтын сақталуын қадағалау жөніндегі арнайы прокуроры, Күршім ауданы, Аягөз, Абай және Жаңасемей аудандарының прокуроры қызметін атқарған.

Еске салайық, бұған дейін 4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен 16 жасар жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз. 

Ашулы талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты.

Алматы облысының Прокуратурасы кісі өлтіру туралы бұл іс ерекше бақылауға алынғанын ресми түрде хабарлады.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы Талғар ауданындағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды.

12 қазан түнде қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.

15 қазан күні Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды.

18 қазан күні Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен кетті. 

Кеше Алматы облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жаңа басшы келді. 

Соңғы жаңалықтар