Талғарда әкесінің көлігін айдап кеткен бала оқушы қызды қақты

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Талғарда әкесінің көлігін жүргізіп кеткен ұлы кәмелетке толмаған қызды қақты.

көлік қақты
Фото: видеодан алынған кадр

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге шықты. Онда оқиғаның Талғар қаласында болғаны жазылған.

Алматы облысының полиция департаменті әлеуметтік желіні тексеру барысында аталмыш оқиғаны анықтаған. 

Жедел-іздестіру барысында көлікті жүргізуші мен оның иесі табылды.

«Зардап шеккен қызды дәрігерлер тексеріп, үйіне жіберді. Себебі онда дене жарақаттары болған жоқ. Автокөлікті оның иесінің кәмелетке толмаған ұлы жүргізгені белгілі болды. Қазіргі таңда кінәлі тұлғаға қатысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ мұндай оқиға қайталанбас үшін көлік иесі және оның ұлымен профилактикалық әңгіме жүргізілген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Криспи (@krispi_kazakhstan)