Талғарда заңды күші тоқтатылған құжаттардың негізінде балалар демалыс үйінің құқығын қайтарып алу әрекеті жасалуда

АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Заңды күші тоқтатылған құжаттардың негізінде Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан балалар демалыс үйінің құқығын даулау әрекеті жасалуда.
None
None
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Маралсай» балаларға арналған кешенді қорғаушы заңгер Азамат Асылбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.А. Асылбековтың сөзіне қарағанда, «Қазкан» ЖШС атынан Алматының Түрксіб аудандық сотына «Маралсай» балалар кешенінің 2001 жылғы желтоқсанның 25-інде сатылып кеткендігі жайындағы келісімшартты жарамсыз деп табу туралы шағым келіп түскен. Айта кетелік, қазірде демалыс үйі орналасқан кешен алғашында «Қазкан» ЖШС болып жекешеленген кәсіпорынға тиесілі болған. Кейіннен ол 2001 жылы жеке тұлғаға сатылып кетеді. Оның сатылуы туралы шешімді қабылдау хаттамасында көрсетілгендей, бұл жыл сайын жеңіл жөндеу жұмыстарына 600-700 мың теңге жұмсайтын шығыны мол кәсіпорын болған.Бүгінде «Қазкан» компаниясы өзінің қуыну шағымына келесі негіздемелерді ұсынып отыр: келісімшарт нарықтық емес, қалдық құнымен жасалған, ал келісімге қол қойған директор аталған іс-әрекетке құзыры болмаған және кешеннің сатылуы туралы ортақ шешім қабылданып жатқанда оған «\қазкан» ЖШС мүшелері қатыспаған.Балалар кешенін қорғаушы заңгерлер мынаған назар аударуда: «Қазкан» ЖШС жарғысына сәйкес атқарушы директордың сатып алу-сату келісіміне қол қоюға толықтай құқығы болған. Компания жарғысы бойынша да, қазіргі заңнама бойынша да қатысушылардың ортақ жиналысының келісімі қажет емес, яғни атқарушы орган аталған келісімді жасауға құқылы.«Маралсай» демалыс үйінің директоры Асқар Мусиннің айтуынша, аталмыш нысанда жазғы маусымда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балалар демалады. Сондай-ақ мұнда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балдырғандарға арналған арнайы бағдарлама да бар.
Соңғы жаңалықтар