Талғардағы жасөспірімнің өлімі: күдіктілер Қонаевқа ауыстырылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысының Полиция департаменті Талғар қаласында 16 жастағы жасөпірімнің өліміне қатысы бар күдіктілердің Қонаев қаласына жеткізілгенін хабарлады.

Ақтөбеде дәрігерді өлтірген күдікті ұсталды
Фото: almaty.tv

Полиция мәліметіне сәйкес, қылмыстық іс Талғар қаласынан Қонаевтағы облыстық тергеу басқармасына берілген.

- Қылмыстық іс облыстық тергеу басқармасына берілді, сондықтан күдіктілер Қонаев қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына жеткізілді, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз.

Одан кейін Талғар тұрғындары жасөспірім өліміне байланысты тергеудің ашық болуын талап етіп, наразылыққа шықты.

Сондай-ақ, жасөсіпірім қаза тапқан орынға тұрғындар гүл апарып жатқанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар