Жасөсіпірім қаза тапқан орынға тұрғындар гүл апарып жатыр

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Талғар мен Алматы тұрғындары 16 жастағы Шерзат Болат қаза тапқан орынға гүл шоқтарын қойып жатыр.

Гүл шоқтарын қойды
Фото: Видеодан алынған кадр

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Еске салайық, 4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен бір адам қайтыс болғанын жазғанбыз. 

Ашулы талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты. 

Алматы облысының Прокуратурасы кісі өлтіру туралы бұл іс ерекше бақылауға алынғанын ресми түрде хабарлады. 

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы Талғар ауданындағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды. 

Сондай-ақ, құқық қорғаушы Айтбек Амангелді қаза тапқан жасөспірімнің отбасына адвокаттар тауып берді

Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Шалқаров бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерттеліп жатқанын жеткізді. 

Кейін әлеуметтік желіде жанжалдың бейнежазбалары жойылды деген ақпарат тарады. 

Соңғы жаңалықтар