Ішкі істер министрі Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі бақылауға алды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы Талғар ауданындағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды.

Ержан Саденов
Фото: gov.kz

«Алматы облысының Талғар ауданында болған кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты мән-жайлар менің жеке бақылауымда. Оқиға орнында бірінші орынбасарымның басшылығымен ІІМ қызметкерлерінен құралған топ жұмыс істеп жатыр. Кінәлілер тиісті жазасын алады», - делінген жазбада.

Еске салайық, Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні жас жігіттер арасында жанжал туындады. Кикілжің қарулы қақтығысқа ұласып, салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық қатысушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар