Талғарлық кәсіпкерлер жылыжай саласын дамыту мәселелері бойынша сенатормен пікір алмасты

ТАЛҒАР. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан жылыжай кешенінде болды. Депутат өнімді өсіру мен сақтау, жылыжайды дамыту саласындағы жаңа технологияны пайдалану барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талғарлық кәсіпкерлер жылыжай саласын дамыту мәселелері бойынша сенатормен пікір алмасты
Фото: senate.parlam.kz

Кездесуде жылыжай шаруашылығын одан әрі өркендетудің проблемалық мәселелері мен келешегі талқыланды. Осы саланы мемлекеттік қолдау саласы да сөз болды. Сенатор бұл бағытта тиісті мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор депутаттық корпуспен бірлесіп мемлекеттік қолдау тетіктерін пысықтап жатқанын атап өтті.

«Сенат еліміздің Үкіметімен бірлесе отырып отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді жалғастыра береді және ынтымақтастықтың жаңа нысандарын әзірлейтін болады», - деді сенатор.

Сондай-ақ, депутат Сенаттың елімізді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және халықтың табысын арттыруға бағытталған заң шығару жұмысы туралы айтып берді.