Талғат Акуов сот алдында жауап бермек
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алмалы аудандық сотында «Кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығы» қоғамдық ұйымының басшысы Талғат Акуовтың ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұйым төрағасы ҚР ҚК 177 бабы бойынша сот алдында жауап бермек. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктелуде.
Бүгін іс бойынша алдын ала тыңдау отырысы өтті.
Айта кету керек, Талғат Акуовқа былтыр іздеу жарияланған болатын. Сонымен қатар, оған сыртынан қамауға алу туралы бұлтартпас шарасы тағайындалған еді.
Мұның алдында Талғат Акуов Қарағандыда ұсталып, Алматыға жеткізілген.