Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл: Елордада батырды еске алу шарасы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін аты аңызға айналған ұшқыш, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толды. Осы мерейлі күнге орай елордадағы Талғат Бигелдиновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР тұңғыш ғарышкері және Кеңес Одағының батыры Тоқтар Әубәкіров, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері және Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев қатысты.

Аты аңызға айналған ұшқыш жаудың бекіністерін, аэродромдарын, теміржол тораптарын, өзен өткелдерін, жаудың әскерлері мен техникаларын барлау және жою үшін 305 рет жауынгерлік шабуыл жасаған.

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов екі мәрте Кеңес Одағының батыры жоғары атағына ие болған 65 әскери ұшқыштың бірі.

Отан соғысындағы ерлікке толы жауынгерлік жолын Талғат Бигелдинов 1945 жылы 24 маусымдағы Жеңіс парадына қатысуымен аяқтады.

1950 жылы Талғат Жақыпбекұлы Әскери-әуе академиясын бітіріп, 1956 жылға дейін авиациялық полк командирінің орынбасары және штаб бастығы лауазымында КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарды.

Талғат Бигелдиновтың ерліктері қазақстандықтардың көптеген ұрпақтарын өз өмірлерін әскери және азаматтық авиациямен байланыстыруға ынталандырды.




Ашы қ к ө здерден алын ғ ан фото

Соңғы жаңалықтар