Талғат Донақов ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Донақов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Т.С. Донақовты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындау туралы» Жарлық
Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 13 қыркүйек
№ 333