18:41, 07 Ақпан 2024 | GMT +5
Талғат Ғазизов «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Талғат Ғазизовтың «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалғанын «Самұрық-Қазына» Қорының ресми арнасы жариялады.

Айта кетейік, Т. Ғазизовтың бұрынғы лауазымы ‐ «Қазпошта» АҚ филиалы директорының орынбасары.
Т. Ғазизов жоғары білімді, University of Miami-ді PR мамандығы бойынша сәтті бітірген. Халықаралық қатынастар магистрі.
Мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік құрылымдарда жұмыс тәжірибесі жеткілікті.